Францияда ұшатын автокөлік жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда әлемдегі алғашқы ұшатын автокөліктің жобасы жасалды. Pegasus деп аталатын ультражеңіл ұшақ нарықта 2015 жылы пайда болады, деп хабарлайды Росбалт.
Көлікті ұшыру сынағы осы жылдың наурыз айында өткізіледі деп жоспарлап отыр. Көлікті жасаушылардың сөзіне қарағанда, ол әзірге 60-80 ш/с жылдамдығымен үш сағатқа дейін ұша алады. Ал ұшақ-көліктің құны шамамен 100 мың еуроны құрайтын болады.
Pegasus-ті жасау кезінде өнертапқыштар авиация саласының инженерлерімен бірлесіп жұмыс істеген. Көліктің моделі барлық еуропалық талаптарға сай келеді.