Францияда үй іргесіне көмілген сегіз нәрестенің мәйіті табылды

АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Француз полициясы үй іргесіне көмілген сегіз нәрестенің мәйіті табылғаннан кейін ерлі-зайыпты отбасын тұтқынға алды. Олар денелері табылған балалардың ата-анасы болған деп пайымдалуда, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Францияда   үй  іргесіне  көмілген   сегіз нәрестенің  мәйіті  табылды

Ерлі-зайыптыға балаларының мәйіттерін жасырған және қылмыс туралы полицияға хабарламаған деген айыптар тағылып отыр.

Осыдан екі күн бұрын Францияның солтүстігіндегі Виллер-о-Тертр қалашығының полициясына жаңа көшіп келген үйлерінің жанындағы бақшадан жаңа туған нәрестелердің денелерін тауып алғандарын айтып ерлі-зайыпты отбасы хабарласады.

Полиция көрші жаңа үйге қоныс аударған үйдің бұрынғы иелері туралы мәліметтері тексереді және жаңа үйдің іргесінен де тағы бірнеше нәрестенің мәйітін табады.

Соңғы жылдары Францияда ата-аналар өздерінің жаңа туған нәрестелерін өлтірген бірнеше қылмыс жария болды. Наурыз айында француздық бір келіншек жаңа туған алты бірдей нәрестесін өлтіріп, оларды өз үйінің жертөлесіне жасырғанын мойындаған еді.