Францияда үйлену тойындағы атыс басқа тойдың қонағын ажал құштырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда жас әйел той шеруінің қатысушылары ұйымдастырған атыстан қаза тапты. Бойжеткен басқа үйлену тойының қонағы болатын.

Францияда үйлену тойындағы атыс басқа тойдың қонағын ажал құштырды

Полицейлер нақтылағандай, көлік жанынан өтіп бара жатқандар оқ жаудыртқан кезде әйел көшеде тұрған. Оқтың бірі оның басына тиді. Әйел бірден ауруханаға жеткізілді, бірақ қанша тырысқанмен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады, деп жазады Утро.ру.

Аталмыш іс бойынша 20 жастағы ер адам ұсталды. Атысты сол ұйымдастыруы мүмкін және тағы бір 23 жастағы көлік жүргізушісі бар. Соңғысы басқа үйлену тойында жүргізуші екенін, қонақтардың тізімінде болмаған күдіктіні айтқан жеріне апарып тастауға келіскенін мәлімдеді. Жүргізушінің айтуынша, оның жолаушысы винтовканы алып қызық үшін әуеге оқ атпақшы болған.