17:11, 19 Сәуір 2014 | GMT +5
Францияда зертханадан қауіпті вирусы бар 2000-нан астам түтік жоғалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядағы белгілі Пастер зерттеу институында шу шықты. Мекеме басшылығы түгендеу жұмыстарын жүргізгенде мөлшерден ауытқып қабынатын пневмонияның (SARS) қауіпті вирус үлгілері бар 2349 түтік жоғалып кеткенін растады, деп хабарлады Belfast Telegraph.
Ғалымдар вирустың жоғалғаны туралы Ұлттық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі агенттікке (ANSM) хабарлап, іздестіруге көмек сұрады. Мамандар вирус үлгілері қаңтарда жоғалғанын анықтады. Іздестіру еш нәтиже бермеді, осыған орай ANSM тергеу бастау туралы өтінішпен Париж қаласының прокуратурасына жүгінді.
Болған жағдайдан құлағдар болған журналистер жұртшылықты қауіпті пневмания пайда болуы ықтимал деп ескертті. Себебі, 2000 жылдардың басында Азияда бұл аурудың салдарынан 800 адам қаза тауып, мыңдаған адам індетті жұқтырған болатын.