Францияда зейнет жасының көтерілуіне қарсы ереуілдер өтіп жатыр

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Франция кәсіподақтары үкіметтің 2018 жылға қарай зейнет жасын 60-тан 62-ге дейін көтеру ниетіне байланысты 24 сағаттық ереуіл өткізуде. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Францияда   зейнет жасының көтерілуіне қарсы   ереуілдер   өтіп жатыр

Ереуіл қоғамдық көліктің, авиақатынасы мен пошта тасымалдарының жұмысына әсер етіп отыр. Ағымдағы жылдың маусым айында зейнетақы реформасына қатысты осындай наразылық шаралар өтіп, оған 800 мыңдай адам қатысқан еді.