Францияда зейнетақы реформасына қарсы ереуіл өтеді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Франциядағы бірнеше кәсіподақ жұмысшылар ереуілін жариялады. Жоспарланған шара бүкіл ел бойынша жолаушылар пойыздарының қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бейсенбіде Франция үкіметінің зейнетақы жүйесін реформалау жоспарына қарсы жалпыұлттық ереуіл аясында елде пойыздардың көпшілігі тоқтатылып, Париж метросының қозғалысы айтарлықтай бұзылады.
France 24 арнасының хабарлауынша, әлеуметтік сауалнама жүргізу француздардың басым көпшілігі зейнет жасын кезең-кезеңімен 62-ден 64-ке дейін көтеруді көздейтін зейнетақы реформасына қарсы екенін көрсетті.
Сондықтан бірқатар кәсіподақтар жұмысшыларды 19 қаңтарда жаппай жұмысты тоқтатып, шеруге шығуға шақырды. Олай болғанымен, Франция үкіметі осы уақытқа дейін өз ұстанымдарынан қайтпайтынын мәлімдеп, жқмысшылардан шеруге шықпауын сұрады.
SNCF ұлттық теміржол операторының мәліметінше, үш-бес жүрдек пойыздың біреуі ғана жұмыс істейтін болады, ал әрбір он жергілікті пойыздың біреуі ғана жұмысын жалғастырады.
Парижде қала маңындағы RER пойыздарының басым көпшілігі тоқтатылады, үш метро желісі толығымен жабылады, ал басқалары жартылай жұмыс істейтін болады.
Париж-Орли әуежайындағы әрбір бесінші рейс тоқтатылады. Париждің оңтүстігінде орналасқан ол ел астанасында үлкендігі жағынан екінші орында және қазіргі уақытта елдегі ереуілдер кедергі әкелуі мүмкін жалғыз әуежай.
Ереуілге бастауыш мектеп мұғалімдері қосылуды жоспарлап отыр, деп хабарлады сейсенбіде «SNUipp-FSU» кәсіподағы.
Зейнетақы жүйесін реформалау – Франция президенті жариялаған міндеттердің бірі. Дегенмен, ұсыныстарды әлі парламент қарастырып қабылдауы тиіс.
Бұған дейін француздардың жалпыұлттық ереуілге дайындалып жатқаны хабарланған болатын.


Фото: www.france24.com


Соңғы жаңалықтар