Францияда зейнеткерлік реформаға миллиондаған адам наразылық білдіруде

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Францияда зейнеткерлік реформаға қарсы ұлттық бас көтерулер мен жаппай наразылық шаралары өтті.
None
None

Полицияның мәліметтері бойынша, ел аумағын қамтыған іс-шараға миллионға жуық адам, ал кәсіподақ есебі бойынша үш миллионға жуық адам қатысқан, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Күні бұрын теміржолшылар бірінші наразылық білдіруге шыққан, оларға қалалық көлік және әуедиспетчері қызметінің жұмысшылары келіп қосылған. Француздардың басты қарсылықтары биліктің зейнеткерлік жасты 65 жастан 67 жасқа көтеру туралы ниеті.

Соңғы жаңалықтар