Францияда жағажайға үлкен сөмке алып келуге тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Канн қаласының басшылығы жағажайларға көлемі үлкен сөмке, чемодан және пакет алып келуге тыйым салды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Францияда жағажайға үлкен сөмке алып келуге тыйым салынады

Бұл - қауіпсіздік үшін қабылданған шара. Өйткені олардың ішіне қару-жарақ, бомба және өзге де қауіпті заттар салынуы мүмкін деген күдік бар. Енді жаңа ереже 31 қазанға дейін күшін жоймайды.

- Бізге осындай шара қабылдауға тура келді. Осылайша, полицейлер күдікті жағдай туындағанда, сот шешімін немесе ордерді күтпей-ақ, лезде әрекет ете алады. Біздің басты мақсатымыз - тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - дейді Канн қаласының мэрі Дэвид Лиснард.

Естеріңізде болса, 14 шілдеде Францияның Ницца қаласында жүк көлігін тізгіндеген ер адам отшашуды тамашаулаға жиылған бір топ кісіні қағып өткен еді. Салдарынан 84 адам ажал құшып, тағы 300-ге жуығы жараланған болатын.


фото:ru.rfi.fr