Францияда Жаңа жыл түнінде мыңнан астам көлік өртелді

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Францияда Жаңа жыл түнінде мыңнан астам көлік өртелді. Көліктерді өртеу дерегі Сент-Этьен қаласында көп тіркелген.

Францияда Жаңа жыл түнінде мыңнан астам көлік өртелді

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні француздар 1067 темір тұлпарды өртеп жіберген, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА NST-ға сілтеме жасап. Бұл мәлімдемені Францияның Ішкі істер министрлігінің басшысы Мануэль Валлс таратты. Министр өртенген көліктердің саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға азайғанын атап өтті. Сент-Этьен қаласында көліктер көп өртелген.

Вандализмнің бұл түрі дәстүрге айналып келеді, деп атап өтеді басылым. Өткен жылы билік өртелген көліктердің санын жариялаудан бас тартқан еді. Өйткені, мәліметтерді жариялау бұзақы топтардың арасында бәсекелестікті арттырады деп санады.