Францияда жарылыс болды: Қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Францияның Лион қаласы көшелерінің бірінде болған жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоқтығын анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Францияда жарылыс болды: Қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда

«Бүгін кешке Францияның Лион қаласының көшелерінің бірінде жарылыс болып, оның нәтижесінде жеті адам жарақат алды. Қазіргі таңда Париждегі біздің Елшілігіміз жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар екендігін тексеруде», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Толығырақ ақпарат оқиғаның мән-жағдайын анықтағаннан кейін қосымша беріледі.