13:41, 08 Шілде 2019 | GMT +6
Францияда жауған үлкендігі тауық жұмыртқасындай бұршақ желіні шулатты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік-шығысындағы Овернь-Рона-Альпі өңірінде үлкендігі тауық жұмыртқасындай бұршақ жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске сала кетсек, Францияда күн райы 6 шілде күні бұзылды. 20 ауданда ауа райына байланысты ескерту жарияланған.
Бұдан тыс, метеорологиялық қызметтер 73 мыңнан астам найзағай зарядын санап үлгерген.
Әзірге ғимараттардың қирауы немесе зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Әлеуметтік желіні пайдаланушылар интернетке жұмыртқадай бұршақтардың суретін салған. Абырой болғанда, ешкімнің басына түспеген көрінеді.
Туиттердегі lachainemeteo парақшасында жарияланған мына видео да жаға ұстатарлықтай.
#Orages de grêle hier en #Auvergne Source : https://t.co/BuoiXd1EBT pic.twitter.com/DJ5uzxxekQ
— La Chaîne Météo (@lachainemeteo) 7 июля 2019 г.