Францияда жеткіншек балалар бақшасының тәрбиеленушілерін кепілдікке алды
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Екі қылышпен қаруланған жеткіншек Францияның шығысындағы Безансон қаласындағы балабақшада бес немесе алты баланы кепілдікте ұстап отыр.
Бұл туралы жергілікті радио желісі арқылы қала мэрі Жан-Луи Фусре мәлімдеді, деп хабарлады Утро.ру.
Қала басшысының айтуынша, 17 жастағы басбұзар осы уақытқа дейін 8 баланы жіберді, және билік өкілдері оны қауіпті деп санап отырған жоқ. Оның қандай талаптар қойғандығы туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында полицейлердің арнайы мақсаттағы бөлімшесі мен осындай оқиғалармен маманданған психиатрлар тобы жұмыс істеуде.