16:44, 23 Қазан 2015 | GMT +5
Франциядағы апат: Қаза тапқандардың саны 49 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтер бойынша, Францияда аса ірі жол апатынан қаза тапқандар саны 49 адамға жетті. Бұрын хабарланғандай, оқыс оқиға елдің оңтүстік-батысында, Бордо маңында орын алды.
Куәгерлер мұны жолдың қауіпті учаскесі деп отыр. Онда автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Екі көлік те өртенді. Автобус жолаушыларының көбі саяхатқа бара жатқан қарттар болғаны белгілі. Болжам бойынша 8 адам аман қалды, олардың үшеуі ауыр жарақаттанған. Оқиға орнында ондаған өрт сөндірушілер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады "Россия 24" телеарнасы.