Франциядағы апат салдарынан 12 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда Овернь аймағында жүк көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан ең кемі 12 адам қаза тапты, деп хабарлады Би-би-си.
Мерт болғандардың барлығы Швейцариядан үйіне автобуспен бара жатқан португалдықтар.
Автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты деп хабарланды.
Автобус жүргізушісі және жүк көлігінің екі жүргізушісі жарақаттанғанымен аман қалды, деп хабарлады жергілікті билік.