Франциядағы дауыл: 7 департаментте қауіптіліктің жоғары деңгейі енгізілді

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Францияның жеті департаментінде «Белла» дауылына байланысты ауа-райы қаупінің қызғылт сары деңгейі жарияланды. Бұл туралы Meteo France ұлттық метеорологиялық қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Франциядағы дауыл: 7 департаментте қауіптіліктің жоғары деңгейі енгізілді

Жеті департаменттің қатарында сенбіде желдің екпіні 27 м/с-қа жеткен Финистер және Манш, сондай-ақ Аверон, Кантал, Коррез, Лозер және Пюи-де-Дом бар. Бұл аймақтарда, синоптиктердің болжауынша, күндіз қар жауып, жолдарды мұз басады деп күтілуде. «Кейбір жерлерде қар жамылғысының биіктігі 40 см-ге жетеді», - деп ескертті метеоқызмет.

Meteo France жексенбі күні Францияның батыс жағалауында желдің жылдамдығы 33,3 м/с-қа жетеді деп хабарлады. Кейбір департаменттерде сондай-ақ нөсер жаңбыр жаууы ықтимал, бұл су тасқыны қаупін тудыруы мүмкін.