Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Франциядағы ең ескі атом стансасы 2020 жылға қарай жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядағы Фессенхайм атом электростансасын жабу жөніндегі шешім қабылданды. Бұл туралы dw.com  хабарлайды.

Франциядағы ең ескі атом стансасы 2020 жылға қарай жабылады

Француз үкіметінің қаулысына сәйкес станса Фламанвиль АЭС-індегі жаңа реактор пайдалануға берілгенде жұмысын тоқтатады.

Жексенбіде жария етілген құжатқа сәйкес Франциядағы ең ескі АЭС 2019 жылға қарай Фламанвиль АЭС-індегі  жаңа энергоблок іске қосылған соң жабылады.

Француздардың EDF энергетикалық концернінің директорлар кеңесі Фессенхайм стансасының жұмысын тоқтату туралы құжат Фламанвиль реакторы пайдалануға берілерден алты ай бұрын қабылданады деген шешім шығарды. Француз билігі қабылдаған шешімде осы талап ескерілді.

Фламанвильдегі реактор бастапқы жоспар бойынша 2012 жылы іске қосылуы керек еді, алайда оның құрылысы кезінде ұдайы кедергілер пайда болып ол әлі іске қосылмай келеді.

Фессенхайм АЭС-і 1977 жылы пайдалануға берілген. Ол Францияның Страсбург қаласынынан 100 шақырым, немістердің Фрайбург қаласынан 25 шақырым, Швейцарияның Базель қаласынан 40 шақырым жерде сейсмикалық жарықтың үстіне орналасқан. Франция, Германия және Швейцарияның қоршаған ортаны қорғаушылары ұзақ уақыттан бері 40 жыл жұмыс істеген Фессенхайм АЭС-інің жұмысын тоқтату үшін күресіп келеді. Олар атом стансасы жер сілкінісі кезінде зардап шегуі мүмкін деп қауіптенеді.