Франциядағы ереуілдің бір күні мұнайшыларға 100 миллион еуро шығын әкелуде
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Франция Сенаты бүгінгі отырысында зейнетақы реформасының тағдырын шешеді. Заң жобасы бойынша дауыс беруді әрі қарай кешіктіру тым қымбатқа түсіп отыр -ереуілдің әр күні елдің мұнай-химия өнеркәсібіне 100 миллион еуроның шығынын әкеліп отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Елдің еңбек министрі Сенат мүшелеріне дауыс беруді тездетуді және көптеген түзетулерді қарауға «кідіріп қалмауды» ұсынды.
Дегенмен, француз кәсіподақтары да алған беттерінен қайтар емес. Олар қазанның 28-інде және қарашаның 6-сында тағы екі жалпыұлттық ереуілдер өткізетінін жария етті. Елдің барлық өңірінде өтіп жатқан наразылық шараларына 1 миллионнан астам адам қатысуда.