Франциядағы мигранттар лагерінде мектеп, мешіт және шіркеу бұзылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Кале қаласындағы мигранттар лагеріндегі мектеп, мешіт пен шіркеу бұзылды. Өйткені бұл нысандар күре жолға жақын орналасқан, деп жазады khabar.kz.

Франциядағы мигранттар лагерінде мектеп, мешіт және шіркеу бұзылды

Сондай-ақ шатырлардың бір бөлігі де жермен жексен етілген. Салдарынан баспанасыз қалған бір жарым мың адам контейнерлерге жайғасты. Айта кеткен жөн, бүгінде Кале қаласындағы лагерде 4 мыңға жуық босқын тұрып жатыр. Олардың 200-і - балалар.

Мигранттардың дені Ұлыбританияға жетуді көздейді. Сол себепті жолға шығып, Тұманды Альбионға бет алған көліктерге заңсыз мініп кетіп жатады.