Франциядағы өрт медициналық маскалар қоймасын жойып жіберді

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Париж маңындағы Бобиньи қаласындаға қоймаларда сенбі күні түнде болған өртті сөндіруге 150-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Le Parisien газетінің жазуынша, қоймалардың бірінде медициналық маскалар болған.

Әзірге өртенген маскалар саны да, келтірілген шығын сомасы да хабарланбай отыр. Белгілісі, өрт шамамен жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00- те маскалар қоймасында басталып, кейіннен өзге ғимараттарды шарпыған. Бұл аумақта негізінен Азиядан әкелінетін көтерме сауда дүкендерінің өнімдері сақталатын болған.

Алдын ала деректерге қарағанда, зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау бірнеше сағаттан кейін ауыздықталған. Өрттің шығу себептері әлі анықталған жоқ, полиция әдейі өртеу мүмкіндігін жоққа шығармай отыр.


Соңғы жаңалықтар