Франциядағы терактіні ұйымдастырды деген күдікпен төрт адам ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция билігі бір отбасының төрт мүшесін теракт ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлады РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.
Оларды Париждің шығысында орналасқан Клиши-су-Буа коммунасында ұстаған. Қазір олардың теракт жасау әрекетіне қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Агенттіктің хабарлауынша, сол аумақта қаңтар айында жарылғыш зат дайындайтын компоненттер табылған.