08:53, 01 Сәуір 2015 | GMT +5
Франциядағы ұшақ апаты: Lufthansa А.Любицтің депрессияға шалдыққанын 6 жыл бұрын білген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда апатқа ұшыраған А320 ұшағының екінші ұшқышы Андреас Любиц алты жыл бұрын Lufthansa компаниясына өзінің қатты күйзеліске шалдыққаны туралы ескерткен, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.

Бұл Любицтің Бремендегі Lufthansa ұшқыштар мектебіндегі оқуын жандандырған кезде жазысқан хаттарынан мәлім болған.
Компанияда Любицтің барлық қажетті медициналық тексерістерден өткені туралы құжаттардан расталды.
Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы 24 наурыз күні Альпіде апатқа ұшыраған, оның бортында болған барлық 150 жолаушы қаза тапты. Тергеу нұсқасы бойынша, ұшақты екінші ұшқыш А.Любиц қасақана апатқа ұшыратқан.