Франциядағы ұшақ апаты: «Жедел ақпарат» желісі 2 сағаттан кейін жұмыс жасайды - дереккөз
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстігіде орын алған ұшақ апатында болған жолаушылар туралы мәлімет беретін «Жедел ақпарат» желісі әуе компаниясының сайтында https://www.germanwings.com/ 2 сағаттан кейін жұмыс жасайды.
Бұл туралы German Wings әуе компаниясындағы дереккөзге сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» тілшісі телефон арқылы хабарлады.
Қазіргі кезде ұшақ бортындағы адамдар саны анықталып жатыр.