Франциядағы ұшақ апатына байланысты Lufthansa әуекомпаниясының акциялары арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Франкфурт қаласындағы биржада «Lufthansa» әуекомпаниясының акциялары бір құнды қағаз үшін 3,04 пайызға дейін құлап, 13,25 еуроға арзандады, деп хабарлады Росбалт.
Таңертең құнды қағаздар 2,85 пайызға дейін қымбаттап, 14,055 еуро болған. Құнды қағаздар бағасының құлдырауы Францияның оңтүстік-шығысында «Germanwings» компаниясына тиесілі А320 ұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабар тарағаннан кейін басталған. «Germanwings» - «Lufthansa» компаниясының құрамында.