08:11, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Франциядағы жұмыссыздық рекордтық деңгейге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми түрде жұмыссыз болып саналатын француздар саны шілде айында 0,8% өсіп, жаңа рекордтық деңгейге жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдегі жұмыссыздық 4,3% өсті.

Шілде айында 3,4 миллионнан астам адам жұмыс іздеген. Бұл маусым айымен салыстырғанда 26 мың адамға көп.
Француз президенті Франсуа Олланд осыған дейін жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша шараларды қолға алатынын айтқан. Алайда Франция экономикасындағы проблемалар өршіп келеді. Министрлердің көбі қатал экономика саясатына қарсы шығып, бұл жаңа кабинеттің құрылуына әкелді.