Францияға авиабилеттерге деген сұраныс 50% дейін төмендейді

Францияға авиабилеттерге деген сұраныс  50% дейін төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өздігінше саяхаттайтындардың шамамен жартысы Ниццадағы теракті салдарынан демалысқа деген жоспарын қайта қарайды. 

Авиабилеттерді іздеу бойынша Aviasales  қызметінің pr-директоры Янис Дзенистің бағалауынша, ресейлік туристердің ағыны 50% төмендейді және жаз маусымында қалыпқа келмейді.  

- 2015 жылдың қарашасында болған терактіден кейін Францияға баруға арналған билеттер сатылымы шамамен 50% төмендеді және  Рождество қарсаңында ғана өсе бастады, - дейді Дзенис. "Қазіргі жағдайды ескере отырып, 2016 жылдың жазғы маусымының соңына қарай бұл өңірге туристердің келуін қалыпқа келтіру екіталай".

Туристерінен айырылған жағдайда Ницца экономикасына келтірілетін шығын шамамен 500 млн еуроға бағаланып отыр, деп жазды life.ru.