Франциялық альпинист әйел оттегі баллонынсыз Эвереске көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Франциялық альпинист Элизабет Револь оттегі баллонын қолданбай-ақ Эвересті бағындырды. Le Parisien газетінің жазуынша, ол бейсенбі күні Жер шарының ең биік нүктесіне көтерілген.

Дене тәрбиесінің оқытушысы болған Револь Эвересті оттегі баллонының көмегінсіз бағындырған тарихтағы алғашқы француз әйелі әрі әлемдегі тоғызыншы әйел альпинист атанды.

Енді Револь биіктігі жағынан төртінші орында тұратын Лхоцзе шыңына (8516 м) шығуды жоспарлап жүр.

Соңғы жаңалықтар