05:28, 20 Қаңтар 2015 | GMT +5
Франциялық France Presse ақпарат агенттігі өзінің 70 жылдығын атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Парижде Agence France Presse өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл айтулы датамен агенттік басшылығы мен оның қызметкерлерін Франция президенті Франсуа Олланд құттықтады, деп хабарлайды ТАСС.
Ел басшысы мерейтойға байланысты өзінің ізгі тілектерін AFP-тің жанында орналасқан Броньяр сарайында ұйымдастырылған салтанатты жиында білдірді.
"AFP ақпарат таратуда өзіні тәуелсіздігімен әрі сенімділігімен әйгілі. Агенттік күніне 5 мыңға жуық ақпарат пен 3 мыңға жуық фотосуреттер таратады", - деп атап өтті Олланд.
Сондай-ақ ол бұл мерейтойдың аса маңызды екенін, баспасөз бостандығын қолдайтынын айтты.
Ал Agence France Presse президенті Эмманюэль Ог әлемнің дәл қазіргі сәтте байсалды әрі сенімді ақпараттарды аса қажетсініп отырғанына тоқталды.
"AFP-тің әлем бойынша 200-ге жуық бөлімшелері бар. Агенттік әлемдегі ақпарат алпауыттарының бірі болып табылады", - деді ол.