Франциялық Каледе мигранттардың лагерьлері құлатыла бастады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бір топ жұмысшы Францияның солтүстігіндегі Каледе мигранттарға арналған апаттық лагерьдегі құрылыстарды құлатуға кірісті, деп хабарлады ҚазАқпарат франциялық AFP-ге сілтеме жасап.

Қиратылғанға дейін онда 6 мыңнан 10 мыңға дейін мигрант тұрғаны аталып өтілді. Негізінен бұл Судан, Сомали, Эфиопия, Ауғанстан, Пәкістан және Ирактан барғандар.

Лагерь тұрғындарын жаңа жерге көшіру дүйсенбі күні таңертең басталған. Сыру жұмыстары басталғанға дейін бірнеше күн бұрын франциялық билік мигранттарды арнайы құрылған бекеттерге тіркелуге шақырған парақшалар таратты.  Ол жерден оларды Францияның өзге өңірлеріндегі босқындарды қабылдау орталықтарына көшіреді.  

Соңғы жаңалықтар