Франциялық саяхатшы бөшкемен Атлант мұхитын кесіп өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Франциялық қарт саяхатшы Жан-Жак Савен бөшкемен Атлант мұхитын кесіп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат France 24 басылымына сілтеме жасап.
72 жастағы Савен саяхатын желтоқсан айында Канар аралдарынан бастаған. Араға бірнеше ай салып Кариб теңізінен бір-ақ шықты.
«122 күн және 9 сағаттан кейін Кариб теңізі алабын білдіретін меридианды кесіп өттім. Саяхатым аяқталды. Баршаға рахмет!», - дейді қарт саяхатшы.
Савеннің бөшке тәрізді кемесі - ұзындығы 3 метр, ені 2,10 метр келетін цилиндр. Оның желкені де жоқ. Ол қалың шереден жасалған. Салмағы - 450 кг. Ішінде төсек, шағын асхана, теңіз карталарына арналған үстел және навигация құрылғысы бар.