Франциялық спортшы Тони Галлопен «Тур де Франстың» 11-кезеңінде мәреге бірінші келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциялық спортшы Тони Галлопен "Тур де Франстың" 11-кезеңінде мәреге бірінші келді. Lotto-Belisol командасының өкілінен сәл ғана қалып қойған Giant-Shimano кулбының велошабандозы Джон Дегенкольб екінші, OPQS командасының мүшесі Маттео Трентина үшінші орындарға ие болды.

Франциялық спортшы Тони Галлопен «Тур де Франстың» 11-кезеңінде мәреге бірінші келді

Astana клубының капитаны Винченцо Нибали жалпы есептегі көшбасшыға берілетін "сары жейдені" өзінде сақтап қалды.

Ол екінші орында келе жатқан аустралиялық Ричи Порттан (Sky) 2 минут 23 секундқа, үздік үштікті түйіндеп тұрған испандық Алехандро Вальвердеден (Movistar) 2 минут 47 секундқа озып тұр.

Жалпы есеп.

1. Нибали (Италия, "Астана") - 46:59.23.

2. Порт (Аустралия, Sky) - 2.23.

3. Вальверде (Испания, Movistar) - 2.47