Францияның Alstom компаниясы Қазақстандағы электровоз зауытындағы үлесін ұлғайтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде Alstom мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында «Электровоз құрастыру зауыты» қазақ-француз бірлескен кәсіпорнындағы 25 пайыздық үлесін концернге өткізу жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Маңызды құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Мақсат Қабашев пен Alstom концернінің Таяу Шығыс және Африка бойынша аға вице-президенті Дидье Пфлегер қол қойды.

Келісім «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық активін оңтайландырып, Қазақстандағы тұңғыш электровоз шығаратын кәсіпорынға жаңа технология мен қаржы тартуды көздеп, өнім түрін көбейтуге ықпал етеді.

«Компанияның «ЭҚЗ» кәсіпорнындағы үлесін өткізу теміржол саласын әрі қарай жаңғырту мақсатындағы жекешелендірудің бизнесті трансформациялау саясаты аясында жүзеге асырылуда», - дейді М. Қабашев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда зауыт теміржол саласының KZ8A жүк электровозына сұранысын қанағаттандыруда. Жолаушылар пойызын тартатын KZ4AT сериясындағы локомотивтер шығару 2018 жылға жоспарланып отыр.

Д. Пфлегердің айтуынша, кәсіпорындағы Alstom үлесінің көбеюі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын көрсетеді. Ол арқылы Қазақстанның өз ішінде ғана емес, осы өңірдегі жылжымалы құрам тартымына қажетті сұранысты жоғары деңгейде сапалы технологиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік әпереді.

Айта кетерлігі, электровоз зауыты 2012 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ,  «Трансмашхолдинг» ЖАҚ пен Францияның Alstom компаниясымен бірлескен жоба ретінде ашылды. Кәсіпорын Қазақстанның қатал ауа райына бейімделген электровоздар шығарады.

 

 

Соңғы жаңалықтар