Францияның екі ұшағы алжирлік ұшақты іздеуге жіберілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі сәтте Африкадағы 2 француздық ұшақ Air Algerie ұшағын іздеуге жіберілді, деп хабарлады Франция әскерінің өкілі Жиль Ярон.
Бұл туралы Independent-ке сілтеме жасап РБК хабарлайды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Радардан жоғалып кеткен Air Algerie авиакомпаниясының ұшағы алдын ала болжамдарға қарағанда, Нигер астанасы - Ниамей қаласының маңында құлаған. Ұшақ Уагадугу - Алжир рейсімен ұшқан. Оның бортында кемінде 100 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. France 24 телеарнасының хабарлауынша, жолаушылардан 50 адам француз азаматтары болып табылады.