Францияның хоккейден жасөспірімдер құрамасы Қазақстаннан ойсырай жеңілді

None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты алдында (1А) Қазақстан құрамасы келешек қарсыласы және турнир иесі – Франция командасына қарсы матч өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар басымдықты бірден қолға алып, қатарынан екі шайба соқты. Есепті Давлат Нұркенов ашты, кейін Егор Левковец мергендік танытты.

Екінші кезең басында Никита Ситников тағы бір соқты, ал бес минут өткен соң дубль жасады. Қарсыластың қақпасына бесінші шайбаны Роман Большедворский енгізді.

Үшінші кезеңде гол авторы Кирилл Канкин атанды. Француздық құрама ойын аяқталарға 6 минут қалғанда Владимир Никитиннің қақпасынан саңылау тауып кетті. Алайда, Егор Левковец Қазақстан құрамасының аталған матчтағы жетінші ұпайының авторы атанды. Дегенмен, алаң иелері ойын аяқталар тұста есеп айырмашылығын жақындата алды, есеп – 2:7. Жеңіс – қазақстан құрамасында.

Фото: пресс-служба КФХ


Соңғы жаңалықтар