Францияның оңтүстігінде су тасқынынан қаза тапқандардың саны 19 адамға жетті

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстігінде су тасқынынан қаза тапқандардың саны 19 адамға жетті,
None
None

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

100 мыңнан астам отбасы қазір электр жарығынсыз отыр. Фрежюс қалашығында мың жарымнан астам адамды құтқаруға тура келді, оның ішінде демалып жатқан шетел туристері де бар. Бұл адамдар барлық мүліктерінен айырылды, жергілікті билік оларға киім мен азық-түлік жеткізіп беруге тырысып отыр. Ең көп зардап шеккен Драгинян қаласы, бұл жердегі ауқымды залалдың мөлшері енді есептеледі.

Соңғы жаңалықтар