Францияның оңтүстік-батысындағы өнеркәсіп аймағында екі жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік-батысында өнеркәсіп аймағында екі жарылыс болды. Бұл туралы REGNUM BFM-TV-ға сілтеме жасап хабарлады.

  Францияның оңтүстік-батысындағы өнеркәсіп аймағында екі жарылыс болды

Францияның оңтүстік-батысында Басенс елді мекенінің маңында екі жарылыс болды, деп хабарланды. Жарылыстан кейін кәсіпорында өрт шықты, оны сөндіруде екі өрт сөндіруші зардап шекті.

Жарылыс болған мамандандырылған кәсіпорын қауіпті заттар тасымалымен айналысқан болатын. Апаттық қызметтер қызметкерлерді қауіпсіз жерге шығарды. Төтенше жағдай орын алған жерде қауіпсіздік аймағы жасалды.