Францияның премьер-министрі мен Еурокомиссия мүшелері ЕО-дағы миграциялық жағдайдың нашарлауына байланысты Калеге барады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Франция премьер-министрі Мануэль Вальс елдің ІІМ басшысы Бернар Казнев, Еурокомиссияның бірінші вице-президенті Франц Тиммерманс және көші-қон, ішкі істер мен азаматтық мәселелері бойынша еурокомиссар Димитрис Аврамопулоспен бірге көші-қон дағдарысына байланысты француз-британ шекарасындағы Кале қаласына барады.
Қазір Кале қаласындағы лагерьде үш мыңнан астам мигрант бар. Босқындардың басым бөлігі - Таяу Шығыстан және Африкадан. Бұлар Францияға Ұлыбританияға өту үшін келген. Мұнда оларды босқын дәрежесінің берілуі мен төленетін жәрдемақы қызықтырады.