Францияның салық полициясы Google компаниясының Париждегі ғимаратын тексеруге алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Google интернет-компаниясының Париж қаласының орталығындағы офисін полция тексеруге алды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
None
None

Google компаниясын ел билігі Франция қазынасына 1,6 млрд евро төлемеді деген күдікпен тексерген.
«Компания Франция заңдарын сақтап, билікпен ынтымақтастық орнатқан», - деді іске қасты «Google» өкілі Ал Верне.
Оның айтуынша, компания тергеушілердің барлық сұрақтарына жауап беріп отыр.
Нақтырақ айтқанда, салық қызметінің 100-ден аса қызметкері қаржылық қылмысты тексеру үшін Франция астанасының 9-ы округіндегі Google ғимаратын тексеріп жатыр.
«Франция, Британия секілді бірқатар ел нарықтарында Google, Yahoo сынды компаниялар қомақты табыс тапқанымен, корпоративті салық төмен елдерде салық бойынша төлемдер жасайды есептейді», деп жазды Рейтер агенттігі.

Соңғы жаңалықтар