Францияның шығысында «Мираж» жойғыш ұшағы жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның «Мираж-2000» (Mirage 2000) жойғыш ұшағы елдің шығысында радарлардан көрінбей кетті. Бұл туралы сәрсенбі, 9 қаңтар күні Францияның Le Progres басылымы хабарлады.

Францияның шығысында «Мираж»  жойғыш ұшағы жоғалып кетті

Белгінің ұшақтың Париж уақытымен сағат 11:00 шамасында (жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00) Юра және Ду департаменттерінің арасындағы таулы аймақта ұшқан кезінде жоғалып кеткені нақтыланып отыр. Жойғыштың бортында экипаждың екі мүшесі болған.null

Ұшақты іздеу жұмыстары жүргізілуде, оған тікұшақ та жұмылдырылды. Басылымның мәліметінше, шұғыл қызметтер ұшақтың сынықтарын, сондай -ақ парашютті тапты.