Францияның солтүстігіндегі жарылыс салдарынан бес адам жараланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның солтүстігіндегі Эрве округінің Нонанкур қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің саны бес адамға дейін жетті, деп хабарлады Gazeta.ru BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.
Бір адам бұрынғыша үйінді астында қалып отыр.
Сондай-ақ бір адам хабар-ошарсыз кеткен.
Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс газ шығуынан болған.