Францияның жаңа президенті Макрон алғашқы тағайындаулар жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Францияның жаңа президенті Елисей сарайының бас хатшысын, дипломатиялық кеңесші, арнайы кеңесші, сондай-ақ аппарат басшысын тағайындады, деп хабарлайды Reuters.

Францияның жаңа президенті Макрон алғашқы тағайындаулар жасады

Елисей сарайының бас хатшысы лауазымына Макрон экономика министрлігінің басшысы қызметін атқарған кезінде штаб басшысы болған Алексис Колер тағайындалды. Францияның Германиядағы елшісі Филипп Этьен Президенттің дипломатиялық кеңесшісі болды. Мемлекет басшысы аппаратының басшысы қызметіне бұған дейін Иль-де-Франс аймағының префекті қызметін атқарған Патрик Строд келді. Сондай-ақ Макрон арнайы кеңесші етіп «Алға» қозғалысынан Исмаэль Эмелянды тағайындады.