Француз футболшысы бос қақпаға бір метр жерден доп сала алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның «Бордо» клубының шабуылшысы Франсуа Камано «Ницца» командасының бос қақпасына гол салатын жүз пайыздық мүмкіндікті жіберіп алды.
Матчтың 56-минутында француздар бұрыштама соққы жасады, одан кейін Каманоға командалық серіктесі бар мүмкіндікті жасап берді, алайда шабуылшы «Ницца» басым түскен 2:1 есебін теңестіре алмады», деп жазды РИА Новости.
Матч 2:1есебімен, алаң иелері «Ниццаның» жеңіске жетуімен аяқталды. «Ницца» құрамындағы Баллотелли мен Эйссерик гол авторлары атанса, «Бордо» құрамасынан Лаборд гол салды.