Француз кеденшілері Жапониядан жеткізілген радиоактивті шәйді тәркіледі
АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Француз кеденшілері Париждегі Руасси-Шарль де Голль әуежайында радиациялық жапон шәйінің партиясын тәркіледі.
ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, тәркіленген шәй жапырақтарындағы цезийдің көрсеткіші рұқсат етілген шамадан екі есеге жоғары - 1 келіде 1038 беккерель болған.
160 келіні шамалайтын шәй Жапонияның Сидзуоко префектурасынан әкелінген болып шықты. Қазір карантинге қойылған ол өнімнің көзі жақын арада жойылады.
«Фукусима-1» АЭС-індегі радиациялық апаттан кейін, жіті назар аударуды талап еткен облыстардың тізімінде Сидзуока префектурасы да бар.