Француз тарапы Қазақстан мен Францияның экономикалық мүдделерін қорғау үшін құқықтық жүйе құруға ерекше назар аударады

БРЮССЕЛЬ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Француз тарапы ең алдымен екі елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін, сенім жағдайын қалыптастырып,

Француз тарапы Қазақстан мен Францияның экономикалық мүдделерін қорғау үшін құқықтық жүйе құруға ерекше назар аударады

экономикалық жақындасуды қамтамасыз ету үшін құрылатын құқықтық жүйе аясында, және де құқық саласында француз-қазақстан ынтымақтастығының дамуына көп көңіл бөледі.

Бұл туралы Франция президенті Николя Саркозиге сілтеме жасай отырып, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбековпен болған кездесу барысында Францияның әділет министрі Мишель Аллиот-Мари мәлім етті, деп хабарлайды Франциядағы Қазақстан Республикасының елшілігі.

Кездесу барысында тараптар екі елдің сот жүйесінде қалыптасып үлгерген әріптестік қарым-қатынасты ризашылықпен атап өтті. Олар стратегиялық әріптестікті тереңдете түсуге, заң ғылымы саласында кең көлемді мамандар алмасуға деген талпыныстарын растады.

ҚР Жоғарғы сотының өкілі Францияның әділет министрін 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды.

Келіссөз барысында Францияның әділет министрлігі ағымдағы жылғы ақпанның 15-інде басталып, 4 жылға арналған Еуропалық одақтың «Қазақстан Ресупбликасындағы сот және құқықтық жүйені қолдау» жобасының жүзеге асырылу барысына ерекше назар аударды.