16:54, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Француздар 62 жасқа дейін жұмыс істегілері келмейді
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Француз кәсіподақтары зейнетақы жүйесін реформалау жобасына наразылық ретінде жаңа жалпыхалықтық ереуіл өткізбек. Ұйымдастырушылар, манифестацияларға 3 миллиондай адам қатысады деген үмітте.
Ереуілдермен байланысты көлік жүрісінде проблемалар орын алуы ықтимал. Теміржолдар сапарлардың жартысын, әуежайлар да сол шамалас ұшу сапарларын тоқтатуға мәжбүр болғалы отыр.
Осындай ереуіл Францияда қыркүйектің 7-сінде өткен болатын. Бұл жолғы ереуіл зейнетақы реформасының Сенаттағы талқысының қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Француз парламентінің төменгі палатасы үкімет ұсынған жобаны мақұлдап қойды.
Жұртты шулатып отырған бұл реформада, атап айтқанда, зейнет жасын 60-тан 62-ге дейін көтеру қарастырылған.