Француздар енді жұмыстан соң смартфондарын сөндіріп тастауға құқылы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа заң талаптары 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысшылардың басшыларының жұмыстан тыс уақытта жіберетін хабарламаларын назардан тыс қалдыруларына құқық береді, деп хабарлайды The Guardian.
Осылайша жұмысшылардың жеке өміріне берілетін уақыт пен демалыстарының толық қамтамасыз етілуі заңмен реттелмек.
Бұл бастамаға Францияның Еңбек министрі бастамашы болды.
Ал, Францияның кәсіподақ ұйымдарының өкілдері онсыз да цифрлық құрылғыларды қолданудың соңы ақысы төленбейтін уақыт көлемін ұлғайтып, шаршау, ұйқысыздық сияқты әрекеттерге алып келеді деп алаңдап жүрген.
Басылымның жазуынша, жұмыс берушілер мұндай талаптарды мүмкіндігінше орындамауға тырысары анық. Дегенмен, аталмыш талаптар орындалмаған жағдайда жұмыс берушілер үшін қандай да бір жаза қарастырылмаған.