Француздар Шымкенттегі түрменің қабырғасына қызғалдақ суретін салды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Франция елінің граффистері Шымкенттегі түзеу мекемесінің қабырғаларына қызғалдақтардың суреті салып жатыр. Бұл шара Қазақстан мен Франция елдерінің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығы мен Шарль де Гольдің Қазақстанға келгеніне 50 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Париждің үш суретшісі Қазақстанның үшінші мегаполисіне 10-шы қараша күні ашылатын Француз альянсының арнайы шақыруымен келді. Франциялық граффист Лорелланың сөзінше, өзгеше ұйымдастырылған шара Қазақстан мен Франция елдерінің достастығын нығайту мақсатында қолға алынып отыр. Сондай-ақ, қылқалам шебері түзеу мекемесінің қабырғаларында бостандық белгісі саналатын қыз бен Шымкенттің логотипі қызғалдақты және шым шаһарға ұшып келген ұшақ  бейнеленетінін айтады. Ал, сурет салу жұмыстарын бес күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр екен.  

null 

«Негізгі идеяны жергілікті суретшілермен бірлесе отырып жасадық.  Біз бұл мекемені кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Түрме тас жолдың бойында орналасқан әрі қабырғалары да әппақ. Ол жерге келу де оңай. Сонымен қатар қала тұрғындары суреттерімізді оңай көре алады»,- дейді Лорелла. 

null 

Соңғы жаңалықтар