Француздық шарап жасаушыны және оның отбасын өлтірген адам Қазақстаннан Ресейге жөнелтілді

МӘСКЕУ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының билік өкілдері Мәскеуде сәуір айында жасалған, айуандықпен үш бірдей адамның қанын мойнына жүктеген күдіктіні РФ құқық қорғау органдарына берді. Қылмыс үлкен қоғамдық пікір туғызды, өйткені қаскөйдің қолынан француздық бизнесмен, оның жас келіншегі және кішкентай қызы қаза тапқан болатын,

Француздық шарап жасаушыны және оның отбасын өлтірген адам Қазақстаннан Ресейге жөнелтілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsru.com. сайтына сілтеме жасап.

Француздық шарап жасаушының отбасын Мәскеуде өлтірген күдікті 24 жасар Өзбекстанның азаматы Хуршид Нормурадовты сәрсенбіде Қазақстанның билік орындары Ресейге бергенін «Интерфакс» РФ Бас прокуратурасының ресми өкілі Марина Гридневаға сілтеме жасап мәлім етті.

«Бүгін РФ Бас прокуратурасының талабы бойынша Қазақстанның құзырлы органдары Өзбекстанның азаматы Хуршид Нормурадовты Ресейге аттандырды», - деп мәлімдеді Гриднева.

Өзбекстандық мигрант Мәскеуде Спинеллидің үстіндегі пәтерді жөндеу жұмыстарын жүргізген. Кәсіпкерді өлтіргеннен кейін олар сол үйде өздерінің «қылмыстарын тойлаған». Таңергеңге қарай пәтерге от қойған.