Француздық шыңға өрмелеуші Париждегі көп қабатты үйдің ұшар басына сақтық шарасынсыз шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі француздық шыңға өрмелеуші Ален Робер Парижде 187 метрлік зәулім ғимаратты сақтық шарасынсыз бағындырды, деп хабарлады Gazeta.ru Le Parisien-ге сілтеме жасап.
Өрмекші-адам деп атағы жайылған 53 жастағы ер адам Ла-Дефанс іскерлік орамындағы Total компаниясы ғимаратының шатырына 45 минутта шығып алды.
Бірнеше жылда бұл адам әлемнің көптеген елдерінде болды. 100-ден астам зәулім ғимаратқа өрмелеген. Гиннесстің рекордтар кітабының рекордсмені. Соның ішінде ол Мәскеудегі МГУ ғимаратын және әлемдегі ең биік ғимарат - Дубайдағы 828 метрлік Бурдж-Халифа ғимаратының ұшар басына шыққан.