Франк Рибери: Мұсылман екенімді біле тұра үстіме сыра төккен Боатенгпен бұдан былай сөйлеспеймін
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - «Баварияның» жартылай қорғаушысы Франк Рибери мюнхендік команданың қорғаушысы Жером Боатенгке өкпелеп қалыпты. Бұл жайында The Sun хабар таратты.
Франк Риберидің оған ренжіген себебі, Жером Боатенг Риберидің ішімдікті харам санайтын мұсылман екенін біле тұра чемпиондықты мерекелеу кезінде оның үстіне сыра төккен, деп жазады muslim.kz.
Соған қатты ренжіген ол: «Боатенгпен бұдан былай сөйлеспеймін. Мұсылман екенімді біле тұра ол мұны әдейі істеді», - деді.