Франкфуртта бір топ жастар полицейлерге шабуыл жасады

ФРАНКФУРТ. ҚазАқпарат – Жексенбі, 1 қараша күні Франкфурт қаласының полиция бөлімі тәртіп сақшыларының шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Ашуға булыққан бір топ жастар – 800-дей адам патруль көлігіне тас, жұмыртқа және бөтелке лақтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат EuroWeekly сайтына сілтеме жасап.

Франкфуртта бір топ жастар полицейлерге шабуыл жасады

Оқиға кезінде тоғыз адам қамауға алынғаны хабарланып отыр.

Бұл – Франкфурттағы полицейлерге соңғы бірнеше күнде жасалған екінші шабуыл.

Қаланың полиция бастығы Герхард Бересвиль «адамдардың полицейлерге аяқ астынан шабуыл жасауы - адам төзгісіз әрекет» деп атады.

Қамауға алынған 9 адамның сегізі айғақ дәлелдердің жетіспеушілігінен бостандыққа жіберілді.